Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы болады

546

"Қазгидромет"  бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы болады Фото: baq.kz

Абай облысының орталығында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, ал солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Астана қаласында төмен қарлы боран болып, 15-20 м/с жел соғады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қарлы боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с жел соғуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болжанады.

Павлодар облысының солтүстігінде қарлы боран болады. Облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қарлы боран болады деген болжам бар. Батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде соғатын желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу