Бірқатар өңірде көмір бағасы төмендейді. Бұл туралы үкімет отырысында ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
"Ақмола облысы бойынша Макинск қаласындағы "Жарова" жеке кәсіпкері 14 000-нан 11 700 теңге дейін, Щучинск қаласындағы "Ахунбаев" жеке кәсіпкері 13 300-ден 11 450 теңгеге дейін, Көкшетау қаласындағы "Косыгина" жеке кәсіпкері 13 740 теңгеден 11 500 теңгеге дейін төмендетіледі", - дейді министр.
Ал Алматы облысы бойынша, Панфилов ауданындағы "Бакарт" жеке кәсіпкері бағаны 16 000 теңгеден 12 900 теңгеге түсіреді. Қарасай ауданындағы "Уголек" жеке кәсіпкері 14 500 теңгеден 11 400 теңгеге дейін, Үштөбе қаласындағы "Инсан" жеке кәсіпкері 13 400 теңгеден 11 900 теңгеге дейін төмендетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, Тайынша ауданындағы "Мусаев" жеке кәсіпкері 13 500 теңгеден 11 250 теңгеге дейін, айырмашылық - 2 250 теңге болады.
Петропавл қаласындағы "Турды-оглы" жеке кәсіпкері 14 100 теңгеден 11 950 теңгеге дейін төмендетеді. Уәлиханов ауданындағы "Махатов" жеке кәсіпкері 13 500 теңгеден 11 555 теңгеге дейін арзандатады.
Шымкент қаласында көмір бағасы 14 700 теңгеден 12 150 теңгеге дейін төмендейді. Айырмашылық 2 550 тг болады.
Министр Астана қаласының қоймалары мен басқа сату нүктелеріндегі бағаның төмендегенін мысал ретінде көрсетті. Ал, көмір разрезіндегі баға өзгермейді.