11 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және жоғары өрт қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 35-36 градус ыстық күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Солтүстігі мен шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел күшейіп, найзағай болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Күндіз батысы, оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өңірдің бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Астана мен Көкшетауда жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Бірқатар аумақта жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары, ал батысында төтенше өрт қаупі болжанады.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз оңтүстігінде, шығысы мен орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың бірқатар аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 15-20 м/с болады. Батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысында күндіз жел бағыты өзгеріп, шығысы мен таулы аудандарында екпіні 18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында жоғары өрт қаупі, Қонаевта 35 градус ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда да осы уақытта тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.