Автомат, тапанша, оқ-дәрі: ҰҚК бірнеше өңірден тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың, жарылғыш заттардың және оқ-дәрілердің заңсыз айналымымен күресу жөніндегі жұмысын сәтті жалғастырып жатыр.  

Автомат, тапанша, оқ-дәрі: ҰҚК бірнеше өңірден тәркіленген қару-жарақты көрсетті  Фото: gov.kz

Бір ғана мысал, Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы жойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 2025 жылдың шілде айында прокуратураның үйлестіруімен, ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында бірқатар жедел іс-шаралар өткізілді.

45 атыс қаруы, оның арасында 6 Калашников автоматы, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшы мылтығы, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді, – деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі. 

Ал Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасының жойылғаны үлкен жаңалық болды. Ол жерден 20 келі жарылғыш зат тәркіленіп отыр. 

Еске салайық, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпараттар жария етілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу