Бірқатар өңірдің жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар жойылды – Сатқалиев

372

Министрлік аталмыш қалалардағы тұрғындар жылу жүйесіне қосылды деп сендіріп отыр. 

Бірқатар өңірдің жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар жойылды – Сатқалиев Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Үкімет отырысында энергия кәсіпорындарындағы технологиялық бұзушылықтың жай-күйіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық бұзушылықтар байқалды. Энергетика министрлігінің құзыреті шеңберінде технологиялық бұзушылықтар Теміртаудағы "Bassel Group LLS" ЖШС және Екібастұз ЖЭО, Риддер ЖЭО, ГРЭС-1-де ғана атап өтілді. Көрсетілген ЖЭО бойынша, температуралық режим толық көлемде қалпына келтірілді. Сонымен қатар, технологиялық бұзушылықтардың жіктелуіне сәйкес, аталған жағдайлардың ешқайсысы апатқа ұшырамайды", - деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, Степногорск, Балқаш, Ақтау және Көкшетаудағы жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды. Қазіргі уақытта, барлық тұтынушы жылу жүйесіне қосылған.

"Электр қуатын тұтынудың максимумы 2024 жылғы қаңтарда 16,5 мың МВт өз генерациясы кезінде 17 мың МВт деңгейінде күтіледі. Биылғы жылыту маусымына жүйелі дайындық шеңберінде жүйелік оператор бекіткен электр станцияларында жөндеу кестесіне сәйкес 8 энергоблокта, 40 қазандықта, 42 турбинада күрделі жөндеу аяқталды. Соңғы кезеңдерде 2 энергоблокта, 9 қазандықта және 11 турбинада жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, 25,3 мың км. электр беру желілері, 564 қосалқы станция және 3,5 мың тарату пункті күрделі жөндеуден өтті", - деп жалғастырды Энергетика министрі.

Министрдің дерегінше, жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін Үкімет резервінен Риддер және Екібастұздағы ЖЭО, Ақтаудағы энергия көздеріне, Көкшетаудағы қазандыққа күрделі жөндеу жүргізуге 21,5 млрд теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу