Бірқатар шетел басшылары Астанада бас қосады

775

Бірқатар шетел басшылары Астанада бас қосады

19-20 қазанда Астанада CRE Central Asia 2017 атты жыл­жы­­майтын мүлік мәселесі бойынша форум болады. Шара әкімдік қолдауымен қалалық Инвестиция және даму басқармасының бастамасымен өткізіледі.

CRE Central Asia 2017 – бизнес өкілдері үшін Орталық Азиядағы коммерциялық және жылжымайтын мүлік мәселелерін талқылауға арналған алаң. Бұдан бұрын елордада коммерциялық жылжымайтын мүліктің апталығы өткізіліп тұратын. Ал қыркүйек айында Еуропа, Азия, ТМД мемлекеттерінен нарық механизмін түсінетін мамандар бір жерге жиналып, пікір алмасып, ортақ жобаларды талқылайды.

Тәуелсіздік сарайында өтетін форумға Бішкек, Ташкент, Ашхабад, Душанбе, Қазан, Омбы облысы, Уфа, Баку, Екатеринбург, Новосібір, Тбилиси қалаларының басшылары қатысып, Қазақстан тарапынан Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахимов және Астана әкімі Әсет Исекешев қатысады. Олар қалалар инфрақұрылымының дамуы мен инвестициялық тартымдылығын сөз етіп, өзара тәжірибе алмасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу