Испания Корольдігінің Елшісі Давид Карриедомен кездесу барысында Министр М. Тілеубердінің биылғы 5-6 шілдеде Мадридке жасаған ресми сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асыруына назар аударылды.
Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннермен жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.
Израиль Мемлекетінің Елшісі Лиат Вексельман кездесуде өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін көтерді.
Соңында Министр шетелдік дипломаттарға белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстап, олардың алдағы жұмысына табыс тіледі.