Бірқатар спорттық нысандар сатылымға қойылды

1191

Бастапқы кепілдендірілген жарна 1 млрд 800 млн теңге.  

Бірқатар спорттық нысандар сатылымға қойылды

Мемлекеттік тізілім порталында "Барыс Арена", "Астана Арена" мен "Алау" мұз айдынының бір лотпен саудаланатыны жазылған. Кешендер басы байлы түрде емес, 15 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Үш нысанның жалпы аумағы 210 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа қожайыны жыл сайын 100 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, түрлі шараларды өткізу үшін бір жылда 30 күнге ақысыз түрде әкімдікке беруп тұруға міндеттеледі. Бұл үш нысанға кепілді жарна 2 млрд теңгеге жуық сұралса, Алматыағы бір ғана "Ақ бұлақ" спорттық-сауықтыру кешені 11 млрд 778 млн теңгеге сатылуда. Кешен демалыс орнына тән барлық жабдықпен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу