Бірлескен бағдарламаның қорытындылары жоғары бағаланды

583

Бірлескен бағдарламаның қорытындылары жоғары бағаланды

Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің "Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету" бірлескен бағдарламасының қорытындылары Страсбургте жоғары бағаланды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

2014 жылдан бері іске асырылып жатқан Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің "Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету" бірлескен бағдарламасы республикадағы құқықтық реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай прогресске қол жеткізуге елеулі үлес қосты. Ол туралы Страсбург қаласында өткен бірлескен бағдарламаны іске асыру қорытындыларына арналған Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) жазғы сессиясы аясында өткен арнайы форум барысында айтылды.

Шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Қазақстанның Жоғарғы сотының судьясы Мадияр Балкен, ЖС аппаратының басшысы Ербол Өміралиев, Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов және ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу