Бірлік күніне орай астаналық 3000 оқушы "Ақ көгершін" әнін шырқады

91

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бейбіт елдің ұрпақтары" атты ауқымды Flash Vibe флешмобы өтті.  

Бірлік күніне орай астаналық 3000 оқушы "Ақ көгершін" әнін шырқады Фото: gov.kz

Акцияға мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Музыкалық негіз ретінде бейбітшілік, келісім және бірліктің символына айналған "Ақ көгершін" композициясы таңдалды. Іс-шараның маңызын арттырған тағы бір жайт – оның көрнекті қазақстандық композитор, кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың мерейтойымен тұспа-тұс келуі.

Флешмобтың шарықтау шегі – қатысушылардың тірі композиция құруы болды: олар "ақ көгершін" бейнесінде сап түзеді. Бұл бейне бейбітшілік пен үміттің басты символына айналды.

Ақ және көгілдір түсті киім киген балалар мен жасөспірімдер біртұтас көркем көрініс жасады. Ақ түс тазалық пен үйлесімге ұмтылысты білдірсе, көгілдір түс бейбіт аспан мен халық бірлігін бейнелейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, флешмобтың басты мақсаты – әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достықты, өзара түсіністік пен құрметті нығайту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу