"Бірлік" саяси партиясының атауы өзгерді

874

Ребрендинг туралы шешім 5 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен саяси кеңестің отырысында қабылданды.  

 "Бірлік" саяси партиясының атауы өзгерді

Партия төрағасы Серік Сұлтанғалидың айтуынша, "Бірлік" партиясы жұмысын қайта бастауға дайын. Ол тек басқару органдарына ғана емес, жалпы философияға да қатысты болмақ.

"Біз ребрендинг секілді, атауды өзгерту туралы зерттеу жүргіздік. Зерттеуді кәсіби әлеуметтанушылар жүргізді, олар атаудың 10-ға жуық нұсқасын қарастырды. Талдау нәтижелері бойынша "Адал" нұсқасы жеңіске жетті. Мамандар бұны халықтың жаңаруға деген қажеттілігін, әділеттілікке деген сұранысын түсіндіреді дейді. Сондай ақ, адамдар әділеттілік сөзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен бастап шешім қабылдаудың ашықтығына дейін үлкен мағына береді", – деді партия төрағасы.

Партия атауын өзгерту туралы ұсыныс Саяси кеңес мүшелері арасында дауысқа салынды.  Нәтижесінде "Адал" деп атау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар отырыс барысында партияның сайлауға қатысуы туралы мәселе талқыланып, халықтың табысын арттыру, әділ мемлекет, білім беру мен адами капиталды дамыту, өңірлер мен АӨК-ні дамыту, жастарға жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтитын сайлау алдындағы науқанның 7 бағыты ұсынылды. Науқанның соңғы нұсқасы 16 қарашада сайлау алдындағы съезде бекітіледі.

Серік Сұлтанғали күн тәртібіндегі сайлауалды мәселелерден бөлек, саяси кеңеске енген партияның жаңа 9 мүшесін таныстырды.

–  Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев, "Атамекен" ҰКП Басқарма мүшесі;

–  Алмасбек Жұмабекұлы Садырбаев, "Шопан Ата" Ұлттық Қазақстан қой өсірушілер Ассосациясының Төрағасы;

– Лаура Алмасбекқызы Мәлікова, тәжірибелі экологтар қауымдастығының басшысы;

–  Олжас Темірбекұлы Ордабаев, "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары;

–  Ардақ Құттықожаұлы Назаров, әлем чемпионы, қоғам қайраткері;

– Мақсат Толықбай, танымал тележурналист;

– Дәулет Мұқаев, танымал тележурналист, әлеуметтік жобалардың авторы;

–  Игорь Владимирович Шацкий, қоғам қайркеткері;

–  Мұрат Әкімханұлы Қожамқұлов, "Адал" партиясы филиалының басшысы.

"Қазір біз Мәжіліс пен мәслихаттар үшін партиялық тізімдерді қалыптастырудамыз. Қорытынды бойынша әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота сақталады. 30-қыркүйекте өткен съезде өз күш-жігеріміз, тәжірибеміз бен көзқарасымыз бар екенін айтқан болатынбыз. Мен өз сөздерім мен партияның жаңаруын растаймын. Жаңа құрылым енгізілуі бізді одан әрі нығайта түспек. Бүгін біздің саяси кеңесімізге өз тәжірибесі мен білімін енгізер түрлі саладағы жаңа тұлғалар, қоғам  қайраткерлері енді. Біз сайлауға қатысуға дайындалып жатырмыз, тиісті идеологиялық, талдау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды", – деді Серік Сұлтанғали.

Кездесу соңында "Бірлік" партиясы мен экологтар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты –Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында өзара іс-қимылды кеңейту, тараптардың ынтымақтастығы болып табылады. "Бірлік" партиясы мен Қауымдастық ҚР экологиялық заңнамасын жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеп, сондай-ақ қоршаған ортаның, экологиялық зерттеулер мен мәдениеттің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу