Бірнеше адвокат лицензиясынан айырылды

1205

Бірнеше адвокат лицензиясынан айырылды

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнаманы бұзғаны үшін адвокаттар  лицензияларынан айырылды, деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының адвокаттар алқасы адвокаттарының азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуде қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері, ал мұқтаж азаматтардың оларды алу  құқығынан айырылғандығы  анықталды.

ҚР әділет министрлігінің талап-арызы бойынша сот мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнаманы бұзғаны үшін Ақтөбе облысының адвокаттар алқасының үш адвокатының  лицензияларының күшін тоқтатты.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысының адвокаттарының заң бұзу фактілері  бірегей емес, жүйелі сипатқа ие.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы ғана адвокат бола алады. Бірақ, адвокат В.И. Якубенко Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, мемлекет кепілдік берген заң  көмегін көрсету жүйесіне қатысқаны және бюджеттен 5 миллион теңге көлемінде төлем алғаны анықталды. Көрсетілген бұзушылықтар үшін адвокат В.И. Якубенко айыппұл түрінде сотпен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының күші тоқтатылды.

Бұл құқықбұзушылықтар Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының президиумының төрайымы Р. Якубенконың жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы және адвокаттардың қызметіне бақылауды тиісті деңгейде жүргізбеуі және жұбайы В. Якубенконың бюджет қаражатын алу туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны салдарынан болған.

Министрлік адвокаттар алқасының қызметін үйлестіруші ретінде Республикалық адвокаттар алқасы Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы Р. Якубенконың жауапкершілігі туралы мәселені РАА президиумының жақын арада өткізілетін отырысында қарастыру қажет деп біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу