Бірнеше алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

3316

Алматыда 57 жастағы ақтаулық алаяқтық әрекеті үшін ұсталып, тергеліп жатыр.  

Бірнеше алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды Фото: pixabay.com

Басты күдікті адамдарға пәтер мен көлікті нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.

Жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алған әйел оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің 3 алаяқтық дерегіне қатысы дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу