Бірнеше бағыт бойынша қосымша қалааралық пойыздар қатынайды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілді. 

Бірнеше бағыт бойынша қосымша қалааралық пойыздар қатынайды Фото: inbusiness.kz

Ұлттық тасымалдаушы 2 қаңтарға Көкшетау, Бурабай, Атбасар, Павлодар курорты бағыттары бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Сондықтан, жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша 4 пойыз қарастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жылдың 2 қаңтарында қосымша келесі қала маңындағы пойыздар қатынайды:

- Астанадан Атбасарға сағат 8:38-де №6803/6804 "Астана-Атбасар" электр пойызы жөнелтіледі. Жолаушыларға 274 орын ұсыну көзделген. Кері бағытта пойыз сол күні Атбасардан сағат 14:40-та жүреді.

- Астанадан Көкшетауға сағат 17:00-де №6805/6806 "Астана-Бурабай-Көкшетау" бағытындағы электр пойызы (376 орындық) жүреді. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жөнелтіледі.

- Павлодардан Астанаға сағат 11:57-де №7509 "Павлодар-Астана" бағытындағы электр пойызы жолға шығады.(376 орын). Электр пойыз Астанаға сағат 14:49-да келеді.

- Бурабай курорты станциясына дейін №7553/7556 "Қарағанды-Астана" бағытындағы электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 "Астана-Бурабай курорты"). Ол Астанадан сағат 10:10-да жөнелтіледі, жолаушыларға 276 орын беріледі. Кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетеді.

Биылғы жылдың 1 қаңтарында сағат 21:00-ден бастап қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттерді кассадан сатып алуға болады.

Жалпы, жаңа жылдық мерекелерге – 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың қосымша орын ұйымдастырды. Соңғы 2 күн ішінде 4 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ вокзалдар мен пойыздар да жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, азаматтарға ауа-райы жағдайларын елеп, өз сапарларын алдын ала жоспарлауды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу