Бірнеше елдің орталық банкі криптовалютаны сынақтан өткізіп жатыр

732

Бірнеше елдің орталық банкі криптовалютаны сынақтан өткізіп жатыр

Соңғы кездері жиілеп кеткен кибершабуылдарға қарамастан, дүниежүзіндегі бірнеше орталық банктер криптовалютаны тестілеуден өткізіп жатыр, деп хабарлады 7kun.kz.

Олардың қатарында Қытайдың Халық банкі, Вьетнам мен Данияның орталық банктері бар.

Дартмут университетінің экономика профессоры Эндрю Левин Bloomberg агенттігіне берген сұқбатында криптовалюталардың үлкен артықшылығы барын айтқан. Қағаз ақшамен кредит алғанда транзакция үшін комиссия ұсталынады. Ал цифрлық валюта шағын бизнес пен тұтынушылар үшін "нағыз пайда" болар еді, деп есептейді Эндрю Левин. Орталық банктің криптовалютасы да, оның кәдімгі есепшоты секілді, бірақ ол сандық жүйеде орналасады.

Азия мен Еуропадағы орталық банктер қазірдің өзінде криптовалютаға қызығушылық танытып жатыр. Наурызда Вьетнамның ОБ-і биткоинды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Ал Қытай халық банкі ақпанның соңында ұлттық криптовалютаның сынама түрін нарыққа шығарды. Данияның Ұлттық банкі электронды крон шығаруды жоспарлап отыр. Билік өкілдерінің айтуынша бұл осыған дейін банкноттар мен монеталарды шығаруға жұмсалған шығынды үнемдеуге көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу