Бірнеше елдің президентіне арнау айтқан белгілі айтыскер ақын қайтыс болды

Ұстаз, мәдениет саласының жанашыры Серік Ыдырысов жайлы шәкірттері мен көзін көргендер әлеуметтік желіде түрлі естелік жазып жатыр.   

Бірнеше елдің президентіне арнау айтқан белгілі айтыскер ақын қайтыс болды Фото: adyrna.kz

Ол суырып салма ақын ретінде шаппа-шап айтыстың нағыз үлгісін көрсете білді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, басқармаға қарасты мекемелер ҚР "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Еңбек ардагері" және "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгілерінің иегері, айтыстың ақтаңгері, ақын Серік Ыдырысовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасының, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, – деп жазды басқарманың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы. 

Серік Ыдырысов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы "Дәстүрлі музыка өнері және хореография" БББ-ның аға оқытушысы, университет ардагері болатын. 

"Елімізге, әлемге танымал, ықпалды тұлғалардың алдында арнау айтқаным бар. Олардың ішінде Финляндия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері, Үндістанның премьер-министрі де бар" деген еді бір сұхбатында айтыскер ақын, мәдениет саласының майталманы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу