Бірнеше халықаралық әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын Boeing ұшағын ауыстырды

774

Оның ішінде LOT Polish, FlyDubai авиакомпаниясы бар.

Бірнеше халықаралық әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын Boeing ұшағын ауыстырды

Бірнеше халықаралық әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын Boeing 737 MAX маркалы ұшағын алмастырды, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитеті.

LOT Polish әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын Boeing 737 MAX әуе кемесін Boeing 737-800 NG (Next Generation) ұшағымен алмастырды

Сондай-ақ, FlyDubai авиакомпаниясы 737 MAX әуе кемесімен ұшуды тоқтатты. FlyDubai-дың елімізге Boeing 737-NG (Next Generation) ұшақ түрімен ұшуына рұқсаты бар.

Осыған байланысты жолаушылар ұшу / келу уақыты туралы алдын-ала біліп отыруы керек. Себебі, ұшу кестелерінде өзгерістер орын алуы мүмкін.

Айта кетсек, ұшақтың осы үлгісін ауыстыруға Эфиопиядағы ұшақ апаты түрткі болды. 10 наурызда болған апаттан 157 адам көз жұмды.

Бірқатар ел АҚШ Boeing 737 Max 8 және Max 9 әуе кемесінің ұшуын тоқтатты.

Boeing компаниясының өзі осы типтегі әлемдегі 371 ұшақтың пайдалануын тоқтату туралы ұсыныс білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу