Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр

Мұны Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтып отыр. 

Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр Фото: Карта Культуры

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген ол осындай тың жаңалығымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Кенесары хан бастаған қазақ батырларының соғыс тактикасы зерделеніп, зерттеліп жатыр. 

– Бүгінде біз Кенесары ханның соғыс тәсілдерін зерделеп жатырмыз. Әр сарапшының өз ойы бар, Кенесары хан бейнесінің қазақ әскерінің алғышарты болатынын уақыт көрсетеді. Одан бөлек Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлының ерте тарихтағы, орта тарихтағы, кейінгі тарихтағы соғыс тактикаларын зерделеп жатырмыз, – деп қоса кетті Шайх-Хасан Жазықбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу