Бірнеше компанияны рейдерлік жолмен тартып алғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр

712

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады.

Бірнеше компанияны рейдерлік жолмен тартып алғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр

"AV-Construction", "Profit trade ltd", "Azovita Aktau", "Azovita Atyrau" және т.б. бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"А.ж. 14 шілдесінде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары "қамауға" алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес бұдан өзге мәліметтер жария етілген жоқ. Хабарламада сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқаны, сондай-ақ аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыз әлі де тоқтамағаны айтылған .

"Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз", – дейді агенттіктен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу