Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
8 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерде - 15-20 м/с.
Осы күні Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
8 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді.
8 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны кей жерлерінде 15-20 м/с болады.
8 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.
Осы күні түнде Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с.