Бірнеше облыста жел күшейіп, жаңбыр жауады

276

Өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады.  

Бірнеше облыста жел күшейіп, жаңбыр жауады Фото: sn.kz

14 қыркүйекте бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Астанада күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20, оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с болады.

Қарағанды облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде тұман күтіледі. Күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде тұман түседі. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше, Алматыда жоғары өрт қаупі жарияланды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар 14 қыркүйекте Жетісу облысында, Талдықорғанда, Қызылорда облысы мен қаласында, 14-15 қыркүйекте Түркістан облысы, Шымкент және Түркістан қалаларында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында төтенше өрт қаупі 14-16 қыркүйекте жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу