Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

497

Ел астанасында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер 13 қаңтарда Астанада, Шымкентте және тағы 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында екпіні 18-23 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу