Бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

381

Синоптиктер16 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. 

Бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: pixabay.com
  • Ақмола облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
  • Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде тұман.
  • Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.
  • Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
  • Павлодар облысының шығысында тұман түседі.
  • Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
  • Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді, түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады.
  • Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
  • Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу