Бірнеше өңірдің әкімдіктері ПМХЗ жұмысына кедергі келтіруде

483

Бес облыс пен Алматы қаласы әкімдіктерінің енжарлығынан Павлодар мұнай химия зауытында газ паркі толып қалды. Өйткені, өнімдер кезінде аймақтарға жеткізілмей жатыр. 

Бірнеше өңірдің әкімдіктері ПМХЗ жұмысына кедергі келтіруде Фото: baq.kz

Кәсіпорын 3600 тонна сұйытылған көмірсутекті газды сақтай алады. 11-ші қаңтар күнгі жағдай бойынша өндірілген көгілдір отынның көлемі  2857 тоннаға жеткен. Ал, зауыттың тәуліктік өндіру қуаты 1000-1050 тонна. Демек, бүгінгі күні газ сақтау паркі межеден асып кетті. Павлодар мұнай-химия зауыты қазіргі үрдісті сақтап, сұйытылған газ өндірісін тежеу үшін бірқатар технологиялық қондырғыларды тоқтатуға мәжбүр болады.

Бұл өз кезегінде бензин мен дизель отынын өндіру көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Сондықтан, зауыт басшылығы әкімдіктерден газ тасымалы мәселесін тезірек реттеуге шақырады. 

"ПМХЗ басшылығы Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу облыстары және Алматы қаласының әкімдіктерінен 2023 жылғы қаңтарға арналған тауар биржаларынан тыс газ жеткізу жоспарына сәйкес, сұйытылған көмірсутекті газды "ПМХЗ" ЖШС-нен уақытылы шығаруға жәрдем көрсетуді сұрайды", деп мәлімдеді "ПМХЗ" ЖШС Жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу