"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі ұзақ жолға шығуды жоспарлаған көлік жүргізушілеріне ескерту жасады. Себебі сағат 20:00-ден кейін республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда:
– 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментеу-Шидерті" автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
– 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Павлодар облысында республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментеу-Шидерті" автожолының 200-254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
– 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" автожолының 1292-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
– 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Қарағанды облысында:
1. "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
2. "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" автожолының 1426-1446 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.