Бірнеше жылда шеткі аймақтар ыңғайлы ауданға айналады – Алтай Көлгінов

1364

Биыл елдімекендердегі 100-ден астам көшеге асфальт төселеді.  

Бірнеше жылда шеткі аймақтар ыңғайлы ауданға айналады – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы шеткі аймақтар қалай дамитынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елордадағы аудандар мен шеткі аймақтардың арасындағы айырмашылықты жою үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Ауқымды жұмыс жүргізу керек: қарапайым электр, су, кәріз жүйелерінен бастап, жеке секторға газ жүргізу, әлеуметтік нысандар, жол салу, абаттандыру және гүлзарлар ашуға дейін. Мұны жүргізу үшін бірнеше жыл қажет. Осылайша, шеткі аймақтар ыңғайлы шағын аудандарға айналады. Қалада барлығы 16 елді мекен бар. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады", - деді Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі биыл 100-ден аса көше салынатынын, әрі 37 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ елді мекендердегі 100-ден аса көшеге асфальт төселеді. 

Осы жылы да елді мекендерді газға қосу жұмысы жүргізіледі.

"Елді мекендерде 345 шақырым газ тарату желілері салынды. Жылыту маусымында (2020-2021 жылдары) Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігі газға қосылды. Ал жаңа жылыту маусымында газға қосылу мүмкіндігін Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары алады", - деді Алтай Көлгінов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу