Бірнеше жылдан кейін алғаш рет WhatsApp дизайны өзгереді

Жаңа дизайн кейбір бета тестерлерге қолжетімді.  

Бірнеше жылдан кейін алғаш рет WhatsApp дизайны өзгереді Фото: ixbt.com

2.23.8.4 нөмірлі Android жүйесіндегі WhatsApp-тың бета-нұсқасының кейбір пайдаланушылары навигациялық жүйе толығымен қайта жаңартылғанын байқады. 

Енді Android жүйесіндегі мессенджер iOS нұсқасына көбірек ұқсайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

Дереккөз экранның төменгі жағындағы жаңа навигация жолағы бар қолданбаның жаңартылған интерфейсін көрсететін WhatsApp басты бетінің скриншотымен бөлісті. Мұндай шешім мессенджердің жұмысын жеңілдететіні атап өтілген.

WABetaInfo хабарлауынша, Android жүйесіндегі WhatsApp қолданушылары бірнеше жылдан бері әзірлеушілерге қосымшаның дизайнын жаңартуды сұрап келген. Атап айтқанда, пайдаланушылар Android жүйесінде iOS жүйесіндегі WhatsApp сияқты интерфейсті көргісі келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу