Біртақар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

1241

Елорда мен Алматыға қатынайтын №4 пойыз тақ сан күндері жөнелтілсе, керісінше Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталған күні жұп күндерге ауысты. 

Біртақар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Елімізде бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының таратқан ақпарына сәйкес, 15 қыркүйектен Нұр-Сұлтан-Өскемен бағытындағы пойыз күн ара жүретін болады, деп хабарлады Atameken Business.

Елорда мен Алматыға қатынайтын №4 пойыз тақ сан күндері жөнелтілсе, керісінше Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталған күні жұп күндерге ауысты. Оңтүстік Астанадан Шымкентке жүретін теміржол транспорты күн аралық уақытқа қайта жанданып, жүру уақыты өзгертілді. 

Сонымен қатар, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады. Қай бағыттағы транспорт екені экрандағы кестеден көрсетілген. Назар аудару керек бір жәйт, аталған бағыттағы теміржол транспорттары қазан айынан бастап бағытын өзгертеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу