Ерте ме, кеш пе ақталатыныма сенімдімін – Елжан Біртанов

1090

Еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. 

Ерте ме, кеш пе ақталатыныма сенімдімін – Елжан Біртанов

Онда экс-шенді өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, ақталып шығатынына сенім білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен ерте ме, кеш пе, ақталатыныма сенімдімін, себебі бұл істе қылмыстың жоқтығын білемін, бірақ біз мұндай бұрмаланған істерді сотқа дейінгі тергеу органдарының прокурорлық қадағалау органдарына тапсыруына жол бермеуіміз керек. Тергеу мүддесі үшін біржақты көзқарастар айтылуда", – деді Елжан Біртанов.

Бұл ретте ол айыпталып отырған іс бойынша кінәсін растайтын нақты деректер де жоқ екенін айтады. 

"Ал, мен не істедім? Оны қандай фактілер растайды? Бұрынғы министр Цой мырзаға нұсқау бердім, тіпті құжаттарға қандай да бір жолмен қол қою туралы бұйрық бердім деген негізсіз факті келтірілді. Оның куәлігін ашыңыз, мәтінді одан әрі оқыңыз. Цойдың куәлігінде ол "Біртанов маған ешқандай нұсқау берген жоқ", деп жазылған. Бұл қайдан шыққан айыптау?", – деді бұрынғы Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 3 қарашасында Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы қамауға алынды, ал 7 қарашада бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу