Біртановтың қорғаушысы сот тергеуін қайта жалғастыруды сұрады

Сонымен қатар олар Тоғжанов пен Мусиннен жауап алу керек деп есептейді.

Біртановтың қорғаушысы сот тергеуін қайта жалғастыруды сұрады Фото: tengrinews.kz

Апелляциялық сотта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев істі қайта бастауды талап етті, деп жазады inbusiness.kz. 

Қорғаушы Біртановқа үкім шығарған бірінші инстанция сот ісін жүргізу тәртібін  өрескел бұзды деп санайды.  

Сондай-ақ, ол сот отырысына ешқашан шақырылмаған бірқатар тұлғалардан куә ретінде жауап алу туралы өтініш айтты.

Олардың қатарында Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары, қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бар. 

Заңгердің айтуынша, Мусиннің Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қол қойылған 2020-2022 жылдарға арналған электронды платформаны енгізу бойынша жол картасын бекітуге қатысы бар. 

Осыған байланысты Біртанов министрлікпен соттасқан.

Сонымен қатар ол Ericsson Nikola Tesla компаниясының басшылығы мен бірқатар қызметкерлерін, соның ішінде құқықтық мәселелер жөніндегі директорды, платформаның бас "сәулетшісі", қызмет көрсету және сату менеджерлерін сотқа шақыруды сұрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Республикасының бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз ісі бойынша шығарған сот шешімін "абсурд" деп атап, сотқа апелляциялық шағым түсірген болатын.  Оның және қорғаушының әр пункт бойынша шағымы бар, сондықтан экс-министр позициясынан бас тартпайды деп мәлімдеген.

28 қазанда Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты Елжан Біртановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.  Оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке сот төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Сондай-ақ сот Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық платформа жұмыс істемейді деген талабы бойынша Біртановтан 1,3 млрд теңге шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу