Біртановтың шетелде жылжымайтын мүлігі барын прокурорлар дәлелдесін – Адвокат

900

Елжан Біртановтың шетелде жылжымайтын мүлігі барын және туыстары сырт елдің азаматтығын алғандығын прокурорлар алдымен дәлелдесін.  

Біртановтың шетелде жылжымайтын мүлігі барын прокурорлар дәлелдесін – Адвокат

Бұл туралы бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің адвокаты мәлемдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Әйтпесе, мемлекеттік айыптаушылар өткен процесте Біртановтың шетелде үйі бар деп күдіктенетіндіктерін мәлімдеген. Бірақ 8 айдан бері тергеу түбіне жетер емес. Судья бұл жолы да прокурорлар өтінішін қабылдап, Елжан Біртановты үй қамақтау ұстау санкциясын тағы бір айға, яғни 14-шілдеге дейін ұзартты. Айта кетейік, экс-министр өткен жылдың қараша айынан бері терегуде. Оған цифрландыру жобасына бөлінген 500 млн теңгені талап-таражға салды деген айып тағылған. Оның орынбасары болған Олжас Әбішев те осы іспен қамауда отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу