"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Адал азамат" болып өзгереді

Мемлекет басшысы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын барлық мемлекеттік мектепке енгізуді тапсырды. 

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Адал азамат" болып өзгереді Фото: Әдістемелік орталық

Жаңартылған құжатты алдағы уақытта жекеменшік мектептер де жалғастыратын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ел Президентіне Құрылтай мүшелері "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын "Адал азамат" деп атауды ұсынған. Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде мұны толық қолдап отыр. 

– Былтыр мектептерде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаны қабылдау – істің басы ғана. Енді жаңарған құжатты еліміздегі барлық мемлекеттік білім ошағына енгізу керек.

Бұл құжатты алдағы уақытта жекеменшік мектептер де басшылыққа алуға тиіс. Себебі тәрбие жұмысы балаларды түгел қамтуы қажет. Сонда ғана бұл бастама жалпыұлттық ауқымға ие болады.

Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер.

Құрылтай мүшелері алдағы уақытта осы бағдарламаны "Адал азамат" деп атауды ұсынып отыр. Мен бұл ұсыныспен толық келісемін, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу