Бірыңғай цифрлық кезек жобасы қашан дайын болады?

324

Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Бірыңғай цифрлық кезек жобасы қашан дайын болады? Фото: Bilikti.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мектепке дейінгі білім беру саласында күтілетін өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы жылдың соңына дейін келесідей шараларды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, балабақшалар мен мектептердің бастауыш сыныптарындағы оқу бағдарламаларын біріздендіру бойынша жұмысты жалғастыру. Екіншіден, Бірыңғай цифрлық кезек жобасын аяқтау. Үшіншіден, жан басына шаққандағы нормативтерді әрбір отбасының табыстарымен байланыстыру мақсатында қаржыландыру моделін қайта қарастыру. Жалпы қарастырылып отырған жаңашылдықтар білім беру жүйесіндегі заңнаманы жетілдіруді талап етеді", - деді спикер.

Тамара Дүйсенованың сөзінше, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері осы айдың соңына дейін Заң жобаларын әзірлеп, Үкіметке енгізуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу