Бірыңғай нормативтер белгіленеді – Қарашөкеев

598

Пішен мен кебекті ауа-райының қолайсыз жағдайларында ғана субсидиялау ұсынысы енгізіледі.

Бірыңғай нормативтер белгіленеді – Қарашөкеев

Жаңа сүт-тауар фермаларын салу кезінде инвестициялық субсидиялар нормативтерін әкімдіктерге қолданыстағы инвестициялық субсидиялау нормативтеріне 25%-ға құқық беру жолымен арттыру, жергілікті бюджет есебінен тағы да 25%-ға дейін қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.

"Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу бағытында біз отандық және импорттық жануарлар үшін сүтті мал бойынша 300 мың теңге, етті мал бойынша 1 бас үшін 200 мың теңге деңгейінде бірыңғай нормативтер белгілейтін боламыз. Осылайша, асыл тұқымды мал өсірушілерге бәсекелестік үшін тең жағдай жасалады", – деді Ербол Қарашөкеев.

Етті құс шаруашылығын ынталандыру үшін жергілікті бюджет есебінен инвестициялық субсидиялау нормативтерін 25%-дан 50%-ға дейін көтеру ұсынылады.

Жемшөпті субсидиялау бойынша тек пішен мен кебекті және тек ТЖ басталған кезде немесе Қазгидромет растаған ауа-райының қолайсыз жағдайларында ғана субсидиялау ұсынысы енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу