Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мемлекеттік сатып алуларда құрылыс нарығын монополиядан арылту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі баға өлшемшарттарының көлемдері ұлғайтылатын болады. Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиялық жағдайын болдырмауға ықпал етеді", - деді Дәурен Кеңбеил Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзінше, мемлекеттік сатып алу жүйесіне 2022 жылғы 1 шілдеден бастап рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс түріндегі сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді.
"Бүгінгі таңда сатып алу бойынша бірыңғай платформа іске қосылды. Бұл платформада мемлекеттік, квазимемлекеттік және "Самұрық-Қазына" қорының сатып алулары жүзеге асырылады", - деді Қаржы вице-министрі.