Бірыңғай уақыт белдеуі: Air Astana 1 наурыздан бастап рейстер кестесін түзетті

245

Өзгерістер 1-31 наурыз аралығында Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай бағыттары бойынша жоспарланған ұшуларға қатысты.

Бірыңғай уақыт белдеуі: Air Astana 1 наурыздан бастап рейстер кестесін түзетті Фото: freepik.com

Air Astana әуекомпаниясы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейстер кестесін түзетті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Өзгерістер 1-31 наурыз аралығында Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай бағыттары бойынша жоспарланған ұшуларға қатысты. Рейстері өзгеріске ұшырайтын жолаушыларға өзгертілген ұшу уақыты туралы SMS-хабарламалар мен брондау кезінде қалдырған электрондық пошталарына хаттар жіберіледі", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Сәуір мен қазан айлары аралығындағы рейстердің кестесі 1 наурызда автоматты түрде өзгертіледі және бұл туралы да жолаушылар хабардар етіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу