Бірыңғай уақыт белдеуі: Цифрлық даму министрлігі мен ұялы байланыс операторларының дайындығы қандай?

309

Абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

Бірыңғай уақыт белдеуі: Цифрлық даму министрлігі мен ұялы байланыс операторларының дайындығы қандай? Фото: Shutterstock

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Аталған жұмысты жүзеге асыру мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан бірқатар шаралар қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz ақпарат порталы.

1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды  халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға қолжетімді дерекқорындағы деректерді жаңарту қажеттілігі туралы ресми хабарланды.  

Осыған байланысты абоненттер шығарылған жаңартуларды Android және IOS сияқты халықаралық операциялық жүйелермен жаңартуы қажет.

2) Цифрлық даму министрінің тапсырмасына сәйкес, байланыс операторлары:

  • Өздерінің ақпараттық жүйелерінің қажетті өлшемдерін  дайындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізеді;
  • Ұялы байланыс операторларының қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберуін, сондай-ақ интернет-ресурста және мобильді қосымшада (бар болған жағдайда) хабарлауды қоса алғанда, қызмет көрсету арналары арқылы өз абоненттері мен пайдаланушыларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы алдын ала хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады;
  • Интернетті қоса алғанда, ұсынылатын байланыс сервистері мен қызметтерінің тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептеу жағдайларын болдырмау мақсатында техникалық инфрақұрылымды дайындайды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу