Бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты ұшақтар мен пойыздардың кестесі өзгереді

816

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде ұшақтар мен пойыздардың кестесіне өзгерістер енгізіледі.  

Бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты ұшақтар мен пойыздардың кестесі өзгереді Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының ресми Telegram-каналы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алдымен ҚТЖ пойыздардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізбек. Пойыздар наурыз айында билетте көрсетілген уақытта келіп, жөнелтілетін болады.

"Ең бастысы, жолаушылар уақытты ауыстыру керек", – делінген хабарламада.

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.

"Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:01-ден басталатын (елорда уақыты бойынша) рейстерге авиабилеттер сатып алған жолаушыларға әуежайлардың call-орталықтарына хабарласып, рейсті орындау кестесін нақтылау қажет (сондай-ақ оларға SMS және поштаға хабарламалар жіберілетін болады)",– делінген хабарламада.

Сонымен бірге, еліміздегі уақыт белдеуіндегі өзгерістер барлық халықаралық брондау жүйелеріне енгізіледі.

"29 қаңтарға дейін ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:01-ден басталатын (елорда уақыты бойынша) авиабилеттер сатып алған азаматтар рейс билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалатынына назар аударуы керек. Билетті 29 қаңтардан кейін сатып алғандардың әуе билеттерінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ескеріліп, дұрыс уақыт көрсетілген", – деп хабарлады Qazaq air.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу