Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді растайтын құжатқа қол қойылды

696

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырылады.

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді растайтын құжатқа қол қойылды Фото: Pixabay

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанда уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып.

"1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін." — делінген хабарламада.

Премьер-министр Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуін қолдануды тапсырды.

"Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын", — деп нақтыланды құжатта.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етуі тиіс.

Осы қаулының қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, осы қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу