Кезінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұсынған депутат үндеу жасады

479

Осыдан бір жыл бұрын депутат бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы депутаттық сауал жолдаған. 

Кезінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұсынған депутат үндеу жасады Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты өзінің ойын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл менің немесе жекелеген депутаттардың көзқарасы емес. Бұл – ғылыми консенсус. Халықаралық альянстың уақытқа қатысты ұсынымдары бар, ғылыми тұжырымдамалар бар. Үкімет бұл шешімді менің депутаттық сауалыма бола жайдан жай қабылдаған жоқ. Үкіметтік комиссия жұмыс істеді, бірнеше ғылыми мекеменің қорытындысы шықты. Комиссия менің депутаттық сауалыма дейін өз жұмысын бастады", – деді Еркін Әбіл Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер спикерден "Осыған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы болып, кейін ойыңызды неге өзгертіңіз?" деп нақтылады.

"Қолымда дәлелденген ғылыми зерттеулер болмағандықтан қарсы болдым. (...) Қорытындымен танысып шықтым, онда адамдардың денсаулығына әсері туралы жақсы талдау бар. Сонымен қатар қазір кейбір еуропалық елдерге қатысты табиғи уақытқа оралу туралы ұсынымдар айтылып жатыр. Яғни, талтүс 12 сағат болу үшін жазғы-қысқа уақытқа ауыспау дегендей. Бұл – табиғи уақыт. Қазақстанда табиғи уақыттың жақтаушылары бар", – деп атап өтті ол.

Мәжілісмен қазіргі уақыт белдеуі оған ыңғайлы екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу