Бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері қайта зерттеледі

279

Тиісті зерттеу жыл соңына дейін басталуы мүмкін. 

Бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері қайта зерттеледі Фото: gurk.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсеріне қатысты зерттеу туралы түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізге Денсаулық сақтау министрлігінен жекелеген ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты өтінім келіп түсті. Бұл жұмысқа жетекші институттарымызды жұмылдырамыз. Медицина бөлігінде Денсаулық сақтау министрлігінің институттары да атсалысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алдағы уақытта отырыс өткізеді. Бұл мәселені сонда шығарамыз. Оң шешім алынған жағдайда бірден конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз", – деді ведомство басшысы Саясат Нұрбек Сенат кулуарында.

Министр тиісті зерттеуге көп ақша кетпейді деп отыр.

Зерттеу жыл соңына қарай басталуы мүмкін.

Айта кету керек, осыған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұсынған депутат үндеу жасағанын жазған болатынбыз. Денсаулық сақтау министрлігі үш жыл бойы уақыт белдеуінің теріс әсеріне қатысты зерттеу жүргізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу