Бірыңғай зейнетақы төлемі: Бесжылдық шектеудің 2021 жылға дейінгі үйлерге қатысы жоқ.

1190

Басқа қалаға көшкендер не істеуі керек?

Бірыңғай зейнетақы төлемі: Бесжылдық шектеудің 2021 жылға дейінгі үйлерге қатысы жоқ.

Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану ережесінде осы қызмет түрін пайдалана отырып үй сатып алынған үйлерді 5 жыл бойы сатуға жол берілмейтіні айтылған. Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев осы шектеудің мәнін түсіндірді.

"Бүгінгі бекітілген ережеге байланысты тек қана біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып, меншікке ресімделген, бірақ өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үйді бес жыл ішінде сатуға жол бермейді. Тек қана ипотекалық займға алынған үйлер. Оның ішінде де 1 қаңтардан бері қарай, яғни бүгінгі ереже күшіне енген уақыттан кейінгі алған ипотекаға байланысты болады. Қалған барлық жағдайларда ешқандай шектеу жоқ. Сіз егер тұрғын үйді өзіңізге бірыңғай зейнетақы қорындағы қаражатыңызды пайдаланып жеке меншікке сатып алатын болсаңыз, оны кез келген уақытта қайта сатуыңызға құқыңыз бар", – деді комитет өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу