Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тиімсіз шығындарын қысқартуда

1060

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тиімсіз шығындарын қысқартуда

Жыл басынан бері Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шығыны 36 миллиард теңгені құраған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында қордың басқарма төрайымы мәлім етті, деп хабарлайды astanatv.kz.

Қор төрайымы, мұндай жағдай курс бағамының ауытқуына байланысты болып отыр деді. Теңгенің нығаюуы мен құлдырауы қор кірісіне тікелей әсер етеді. Сондықтан тиімсіз шығындарды оңалту, қысқарту жұмыстарына кіріскен. Жылдың бірінші жартыжылдығына дейін шығынды 12 млрд теңгеге қысқартқан. Осылайша, бұрындары бекітілген бастапқы бюджеттегі 42 млрд теңгелік шығын 30 млрд теңгеге азайып отыр. 

"Мысалы, еңбекақы төлеу шығындары 23 пайызға қысқартылды. 2 млрд 400 млн теңгеге. Және де іссапарға байланысты шығындар қысқартылып отыр 36 пайызға. 70 млн теңге шамасында. Қордың, сондай-ақ, жалға алған бөлімшелеріндегі шығын 30 пайызға қысқартылды. 419 млн теңге. Бұл, негізгі қысқартылған шығындар. Жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы салымдары 450 миллиард теңгеге өскен. Қазір жалпы қордағы жалпы жинақ сомасы 7 триллион теңгеден асады. Ал Әзірбайжан банкіне салынған қаражатты қайтару бойынша келісім қыркүйекте аяқталмақ. Оған дейін банк облигацияларын Әзірбайжан Үкіметінің мемлекеттік облигациясына ауыстыруды болжау  нұсқасы бекітілген еді. Ал зейнетақы қорына берешегі бар 21 компания бар. Олардың қарызы 40 миллиард теңге. Ол жекеден қорға ауыстырылған кезде болған берешек. Олардан, әрине, ештеңе түспейді. Олардың жалпы берешегі 15 миллиардтай болатын берілген кезде. Банкрот болған компанияларды, өзіңіз білесіз, заң бойынша компанияның өзінде бар активтері жеткенінше төленеді. Қазір бұл компаниялар аяғына дейін жабылған жоқ. Банкроттық процедура жүріп жатыр. Айта кетейік, зейнетақы қоры ресми сайтқа калькулятор енгізбек. Ол кезде салымшылар зейнетақысының қанша болатынын өзі есептей алады", - деді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу