31 наурыз күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 18 филиалында "Зейнетақы жүйесі қалай құрылды" тақырыбында ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды 24.kz.
Сіздің зейнетақыңыздың мөлшері неге байланысты екендігі және зейнет жасына қалай лайықты қаржы жинау керектігі туралы толығырақ білуге, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөнінде жеке кеңес алуға мүмкіндігіңіз болады.
Қонақтарға "Зейнетақы жүйесі қалай құрылды" деген тақырыпта тұсаукесер ұсынылып, зейнетақы жүйесінің үш құрамдауышы туралы жан-жақты түсіндіріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу