Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, жыл басынан бері кіріс 741,96 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың (1,11 трлн теңге) және 2021 жылдың (1,12 трлн теңге) алғашқы 9 айындағы көрсеткіштен аз.
Инвестициялық кіріс жыл басынан бері 5,34%-ды құрады. Бұл инфляция деңгейінен (17,7%) төмен. Қыркүйек айында жалпы сомасы 148,1 млрд теңгеге жылдық 2,89%-бен АҚШ үкіметінің борыштық бағалы қағаздары сатып алынды. Бұл – мамыр айынан бері бірінші шарт. Сондай-ақ АҚШ-тың бұрын сатып алынған 118,1 млрд теңгеге мемлекеттік облигациялары өтелді.
Сонымен қатар өткен айда 195,1 млрд теңгеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды. Биыл бұл құрал жиі қолданылды. 9 айда сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың көлемі 1,63 трлн теңгеден асты. Салыстыру үшін айтсақ, өткен 2 жылда транзакциялардың жалпы көлемі 1,96 трлн теңгені құрады.