Бірыңғай жиынтық төлем және мүлік салығы бойынша жиі қойылатын 10 сұрақ

1061

Байланыс орталығы 2021 жылдың 8 айында республика бойынша салық төлеушілердің 620,5 мыңнан астам қоңырауына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бірыңғай жиынтық төлем және мүлік салығы бойынша жиі қойылатын 10 сұрақ

№1 сұрақ:
Мен жеке тұлғамын, 2020 жылға мүлік салығын қай күнге дейін төлеуім керек?
Жауап: 2021 жылдың 1 қазанына дейін.
 
№2 сұрақ:
Биыл мүлік салығы өткен жылмен салыстырғанда жоғары, себебі неде?
Жауап: Жеке тұлғалардың мүлік салығының мөлшері мүліктің құнына байланысты. Мүліктің құнына сәйкес салық ставкасы қолданылады. Нысанның құны туралы ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан келеді.

№3 сұрақ:
Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылды ма?
Жауап: Жалғыз тұратын зейнеткерлер үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған: тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, оның ішінде сондағы ғимараттары мен құрылыстары, іргелес жер учаскелері – барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген айлық есептік көрсеткішінің мөлшері (2020 жылға 2 651 000 теңге) шегінде.
 
№4 сұрақ:
Көп балалы аналар немесе көп балалы ата-аналар мүлік салығынан босатылған ба?
Жауап: "Батыр ана" атағын алған немесе "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жеке тұлғалар үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған: тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, сондағы ғимараттары мен құрылыстары, іргелес жер учаскелері – барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнынан 1000 еселенген айлық есептік көрсеткішінің мөлшері (2020 жылға 2 651 000 теңге) шегінде.
 
№5 сұрақ:
Мүмкіндігі шектеулі жандар мүлік салығынан босатылды ма?
Жауап: Мүгедектер үшін меншік құқығындағы мына жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығын төлеуден босату қарастырылған: тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, сондағы ғимараттары мен құрылыстары, іргелес жер учаскелері;
жеке үй (қосалқы) егіншілікке, бау-бақша мен саяжай құрылысына берілген жер учаскелері, оның ішінде ғимараттар үшін алынған жер, гараждар орналасқан жер учаскелері, барлық жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы құнының айлық есептік көрсеткішінің 1500 еселік мөлшері (2020 жылға 3 976 500 теңге) шегінде.
 
№6 сұрақ:
Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу үшін қандай реквизиттер қажет?
Жауап: Жеке мүлік салығының реквизиттері: БСК коды – 104102, СТН коды – 911;
Айыппұл туралы мәліметтер: СТН коды – 912.
 
№7 сұрақ:
Мен ауылдық жерде тұрамын, бірыңғай жиынтық төлем қанша төлеуім керек?
Жауап: Айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселік мөлшері, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1459 теңге.
 
№8 cұрақ:
Егер мен Алматыда (Нұр-Сұлтан қаласында) тіркелген болсам, бірыңғай жиынтық төлем қанша төлеуім керек?
Жауап: 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2917 теңге.
 
№9 cұрақ:
Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады?
Жауап: Екінші деңгейлі банктердің онлайн-қосымшасы арқылы, "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында (AppStore мен PlayMarket-тен жүктеледі).
 
№10 cұрақ:
Салықты қалай төлеуге болады?
Жауап: Екінші деңгейлі банктердің онлайн-қосымшасы арқылы, "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында (AppStore мен PlayMarket-тен жүктеледі).
 
Сонымен қатар Байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы, қосымша 3 нөмірін теріп, хабарласуға болатынын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу