Бірыңғай жиынтық төлемнің мерзімі аяқталады

422

Келесі жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар жеке кәсіпкер болып тіркелу керек немесе жалдамалы жұмыс істеуі тиіс. 

Бірыңғай жиынтық төлемнің мерзімі аяқталады Фото: Ашық дереккөзден

Бірыңғай жиынтық төлем, яғни, өз еркіңізбен бұған дейін төлеп келген зейнетақы, медициналық сақтандыру сынды төлемдердің мерзімі аяқталады. Ол тек, 5 жылға жоспарланған болатын, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Келесі жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар жеке кәсіпкер болып тіркелу керек немесе жалдамалы жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, осыған дейін бұл төлемді жылдық табысының сомасы 4 млн.теңгеден аспайтын, жеке тұлғаға қызмет көрсететін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар төлеп келген. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге салықтық жеңілдіктер де қарастырылған.

"Егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелетін болып азамат сондай шешім қабылдайтын болса, онда қазір елімізді ыңғайлы салық режимдары бар. Мысалы үшін, е-Салық мобильді қосымшасы бар. Осы мобильді қосымшаны қолданса, ондағы салық ставкасы небәрі 1 процент қана", - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Одан өзге, аударымдар мен төлемдер бойынша жеңілдігі жоқ азаматтардың ең төменгі төлейтін соммасы 14 350 теңге болады. Бұл жеке кәсіпкер болып тіркелгендерге қатысты. Оның ішінде, міндетті зейнетақы жарнасы 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар 2450 теңге, ал, міндетті медициналық сақтандыру жарнасының соммасы 4900 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу