Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,77 теңгеге арзандап, 447,90 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 маусымдағы ресми бағамы 448,72 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446 теңге, сату – 449 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу