Биржада доллар 430 теңгеден саудалануда

3 наурыздағы ресми бағам – 435,69 теңге.   

Биржада доллар 430 теңгеден саудалануда Фото: instaforex.com

Қазақстан қор биржасында сауда қыза түсті. Ұлттық валютамыз таңғы саудада 6 теңге нығайып, бір доллар үшін 429-430 теңгеден саудалануда.

Бұл - 2 наурыздағы көрсеткіштен 1,3% төмен. Теңге өткен жылдың көктемінен бері алғаш рет 430 көрсеткішінен төмендеді.

Ұлттық банк валюта бағамына қатысты түсініктеме берген жоқ.

Астананың ақша айырбастау орындарында сағат 12:20-да доллар орта есеппен 432-436 теңгеден сатылса, Алматыда көрсеткіш сәл жоғары 433-438 теңге шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу