Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,73 теңгеге көтеріліп, 468,98 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы 468,45 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 468,42 теңге, сату – 472,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 468,87 теңгеден сатып алынып, 472,05 теңгеден сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу